Мәжіліс депутаттығына кандидат сайлауда 5% дауыс жинай алмаса, жарна қайтарылмайды

3360
Adyrna.kz Telegram

ҚР Орталық сайлау комиссиясының өкілдері брифингте кандидаттың сайлауда төлеген сайлау жарнасы қай жағдайда қайтарылатынын және оның қай жағдайда мемлекет кірісіне айналдырылатынын түсіндірді, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

ОСК мүшесі Сәбила Мұстафинаның айтуынша, кандидатқа немесе партияға сайлау жарнасын қайтару жағдайлары "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңда жазылған.

"Сайлау жарналары үш жағдайда қайтарылады. Біріншісі – егер кандидат депутат болып сайланса. Екіншісі – кандидат немесе саяси партия дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санының кемінде 5 пайыз дауысын жинаса. Үшіншіден, өкінішке қарай, мұндай жағдайлар да кездеседі, сондықтан ол заңнамада белгіленген: кандидат немесе саяси партияның партиялық тізіміне енгізілген жалғыз кандидат қайтыс болған жағдайда, жарна қайтарылады", - деді ОСК мүшесі Сәбила Мұстафина.

Ол қалған жағдайларда сайлау жарнасы республикалық бюджетке түсетінін айтты.

"Адырна" ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер