Оңтүстікте 30 мың тұрғын интернетке қол жеткізді

2169
Adyrna.kz Telegram

Шымкентте қала әкімінің тапсырмасына орай, шалғайдағы елді мекендерді сапалы интернетпен қамту жұмыстары жалғасып жатыр. Сондай жұмыстардың бірі Еңбекші ауданына қарасты Оңтүстік шағынауданында қолға алынды. Шағынауданда оптикалық интернетпен қамту жұмыстары жеке инвестор қаражаты есебінен жүргізілуде. Инвестор есебінен атқарылған жұмыс аяқталса, 30 мыңға жуық тұрғын интернетке қол жеткізеді.

Дәл қазіргі уақытта «СпецавтоматикаСервис» ЖШС тарапынан шағынауданда қажетті құрылғылар орнатылып, 40 шақырымды қамтитын көшеге абоненттік кабель желісін жүргізу жұмыстары атқарылуда. Жалпы Оңтүстік шағын ауданында 6 300-ге жуық жеке сектордағы үйлерге оптикалық желіге қосылуға мүмкіндік жасалатын болады. Аталған жұмыстар аяқталуға таяу. Сосын жоғарғы жылдамдықты интернет желісіне қосылуға өтінім тастаған тұрғындарды интернетке қосу жұмыстары басталады.

Айта кетейік, тұрғындар тарапынан кеңжолақты интернет желісіне қосылу қажет болған жағдайда «СпецавтоматикаСервис» компаниясына +7 705 783 06 80 телефонына хабарласып, өтінім беруге болады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Пікірлер