Ninety One тобының әндерін тыңдап, қазақ тілін үйренген АҚШ азаматы көпті тәнті енті, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.
"Америкалық Эван Аллен 2022 жылдың қыркүйек айынан бастап АҚШ үкіметінің Фулбрайт бағдарламасы бойынша Тараздағы университеттердің бірінде студенттерге ағылшын тілінен сабақ береді. Алайда Эван Қазақстанда сабақ беріп қана қоймай, өзі де Ninety One тобының әндері арқылы қазақ тілін үйреніп жүр. Эван әзірге Қазақстанда жүргендіктен Ninety One-мен кездесуді армандайды", - делінген Қазақстандағы АҚШ елшілігінің ресми парақшасында.
Эван Аллен қазақ тілін үйренуге қанша уақыт кеткенін айтты.
«Мен Ninety One тобын бірнеше жыл бұрын қазақ тілін енді ғана үйрене бастаған кезде тыңдай бастадым. Мен орыс тілін білмегендіктен, маған қазақ тілін үйренуге арналған ресурстарды табу қиын ғой. Сол үшін мен бұл топ туралы көбірек білген уақытта өте қуанышты болдым. Мен олардың әндерін тыңдап, YouTube-тен Ninety One Space бейнебаяндарын қарап, олардың әндеріндегі әр сөздің айтылуын және интонациясын қайталап, қазақ тілін жақсарту үшін көп уақыт өткіздім. Өткен айда досыммен бірге Астанадағы жеке концерттеріне бардым. Мен өте бақытты әрі қуанышты болдым және мен сияқты әрбір сөзді білетін адамдардың арасында болғаным өте керемет болды. Ninety One, сіздерге музыкаларыңыз үшін рақмет айтамын және бір күні сіздермен жеке кездесіп, алғыс айта аламын деген үміттемін», - дейді Эван Аллен.
"Адырна" ұлттық порталы