"Қазақтардың бізге деген қарым-қатынасы - нашар" - Қарағанды облысы тұрғыны

2554
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтік желіде Қарағанды облысы, Сарышаған маңайындағы Приозерск қаласының тұрғындарының екеуара әңгіме-cұхбаты жарияланды. Сұхбат берген қала тұрғыны қазақтардың қоныс тігіп, бұл мекенде ірге кеңейтіп жатқанын ұната қоймайтынын айтады. Өз ойын ашық білдіріп, қазақтардың өздеріне деген қарым-қатынасының бұзылғанын айыптайды. Бұл жайлы "Адырна" ұлттық порталы жазды. 

- Бұрындары жап-жақсы тұратын едік. Тұрғындар да біздің ұлттан еді. Қаланы ашып еді, қазақтар қаптады. Тұрмысымыз күрт қиындады. Сіздердің тараптарыңыздан біздің тарапқа деген қарым-қатынас нашарлады... Қазақтар орыстарға жылы қабақ танытпайды. Біз аз қалдық. Олар дөрекі, бір нәрсе сұрасаң, бәлеге қаласың, сыпайылықтан жұрдай, - деді тұрғын.

Сонымен қатар, сұхбат беруші Ресейге барып, онда тұрға алмай, қайтып келгенін жасырмады. Оның басты көздегені - Қазақстан зейнетақысы. Қазақты жақтырмайтын Қазақ елінің азаматы, "басты кейіпкер" қазақ жерінде алаңсыз өмірінің соңына дейін тірлік кешуді мұрат етіп отыр.

Оқырмандар кейіпкерді сынның астына алды. Оның "есіктен кіріп, төр менікі" деген әрекетіне қатысты:

"Интернационалист болу керек дейді. Олардың түсінігіде интернационалист тек орысша сөйлеу керек. Қазақша сөйлесе нацист болып есептеледі";

"Бұрын бұлар өздері иемденіп жұрді, жабық зона болды, қазаққа жол жоқтын өз жеріне. Семіріп алып айтып тұрғанын қарашы мынаның енді. Кетсін рашасына";

"Қазақша үйреніп, қазақтарды сыйлап жүрсең ешкім саған тиіспейді ғой, оңбаған-ау...";

"Приозерск тастанды қала, жүрегің ауырады. 90 жылдардың жағдайы есіңе түседі" деп жазды желі қолданушылары.

 

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер