"Олар қайта КСРО құрғысы келеді" - НАТО Ресеймен соғысуға дайын

4150
Adyrna.kz Telegram

"НАТО Ресеймен тікелей қарсыласуға дайын" деп мәлімдеді альянстың әскери комитетінің басшысы,  адмирал Роб Бауэр. Әскери маман бұл жайлы Португалияның "RTP" телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп жазды "Адырна" ұлттық порталы.

Роб Бауэр НАТО-ның Украинадағы қақтығыс басталғалы Болгария, Румыния, Венгрия және Словакияға қосымша күш жіберу туралы шешім қабылдағанын атап өтті. Бұл қадам арқылы НАТО альянстың шығыс қанатын күшейтуді көздеп отыр. Мұны:

"Менің пайымдауымша, бұл біздің орыстарға маңызды ескертуіміз. Егер олар НАТО-ға қарсы келуге шешім қабылдаса, біздің де қарап қалмайтынымызды көрсету үшін осындай қадамға бардық", - деп түсіндірді Бауэр

Лейтенант-адмиралдың айтуынша, Ресейдің стратегиялық мақсаты Украинаны басып алу ғана емес. Олардың көздегені тым әріде. Сөзін "Бұлардың көксегені ескі Кеңес Одағына қайта оралу" деп түсіндірді ол.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер