Ақтөбеде 15 жастағы бала бір топ адамды қағып кетті

3149
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбедегі «Тау» демалыс базасының аумағында оқыс оқиға болды. Бұл туралы Облыстық ПД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Ақпарат бойынша, 2007 жылы туған ақтөбелік қарда жүретін Lynx автокөлігін жүргізіп келе жатып, жабдықталған қар сырғымасының жанында тұрған бір топ адамды қағып кетті. Оқиға салдарынан 40 жастағы адам көз жұмды.

Көлік қаққандардың кішкентайы бір жарым жаста. Ол ауруханада ем алып жатыр. Сонымен бірге 5, 16, 17 жастағы жапа шегушілер дәрігерлердің бақылауына алынды. Дәрігерлер балалар ауруханасына түскен науқастардың жағдайы туралы хабарлады.

«16 жастағы қыз жабық ми жарақатын алды. Оң жақ жамбасы зақымданған. Оң жақ өкпесінен қатты соққы алған. Қазіргі кезде жағдайы ауыр. Науқас есін біледі. Ауырсынуды басатын дәріні қосымша қабылдап жатыр. Тағы бір 16 жастағы қыздың миы шайқалды. Ми жарақатын алды. Есін біледі, жағдайы орташа ауыр. Ал 1,5 жасар ұл баланың жағдайы орташа ауыр. Оның да миы шайқалған. Тыныс алуы қалыпты. 5 жасар ер баланың басы жараланған. Жағдайы орташа ауыр. Ал 17 жастағы бозбала қабылдау бөлімінде ем алды. Оның жағдайы тұрақты»,- деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.

Ал ауруханаға жеткізілген 49 жастағы ер адам туралы мәлімет әзірге жоқ.

 

Пікірлер