Қазақ қызы Бибісара Асаубаева танымал Сергей Карякинді шахматтан шаң қаптырды

3383
Adyrna.kz Telegram
Ресей астанасы Мәскеуде өтіп жатқан "Шахмат жұлдыздары" атты халықаралық турнирде Бибісара Асаубаевадың жұлдызы жанды. Ақыл аламанында ойы сергек, жүрісі жылдам қазақ қызы, блиц шахматтан екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева рапидте басты фаворит Сергей Карякинді жеңді, деп хабарлады Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Мұны "Адырна" ұлттық порталы жазды.  

Бибісараның қарсыласы Сергей Карякин әлемдегі ең мықты гроссмейстердің бірі. Қазіргі уақытта оның қоржынында 2 739 ұпай бар.

Қос мықтының қайшылыққа толы қызықты да  мазмұны ойыны турдың сәнін келістіріп, мәнін арттырды. Бибісара бұған дейін сұхбаттарында осы турнирде Сергей Карякин және Теймур Раджабовпен ойнағысы келетінін бірнеше рет айтқан. Карякин өзінің жеңілгенін мойындап, Бибісарасың биік болмысына бас иді.

- Мен өте жақсы ойнайтын әлем чемпионынан ұтылдым, - деді Карякин ойыннан кейін.

Бұл жарыстың жүлде қоры 15 миллион рубль. Қазір мұнда әлемдегі ең мықты шахматшылар шеберлік байқасып жатыр. Олардың қатарында Бибісара Асаубаева, Сергей Карякин, Александр Грищук, Теймур Раджабов, Раунаку Садвани, Франсиско Вальехо, Владислав Артемьев, Екатерина Лагно және басқалары бар.

Шахматтың блиц түрінен жарыс 28 және 30 қаңтар күндері өтеді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер