"Халқымыздың қос қарлығашы": Қазақ қыздары алғаш рет әлемдік деңгейде Гран-При жеңімпазы атанды

4327
Adyrna.kz Telegram

Қазақтың спортты серік еткен қос аруы жеңіс тұғырынан қатар көрінді. Португалияда өткен Гран-При турнирнда Абиба Абужақынова алтын алып, күміс жүлдені Ғалия Тынбаева қанжығалады, деп сүйіншілейді "Адырна" ұлттық порталы. 

Португалияның Алмада қаласында басталған "жудодан" әлемдік Гранд При жарысында 48 килограмм салмақ өлшемінде Қазақ елінің қос аруы финалға шығып, Әбиба Абужақынова алтын, Ғалия Тыныбаева күміс медаль еншіледі.

Исі қазақ үшін қуанышты күн, жұлдызды сағат жайлы спорт журналисі Әйгерім Тоқсанбек жазды.

- Жүректер!
Қуан, Қазақ!
Қос қызың әлемдік Гран-при жарысының финалында белдесті. Алтын да, күміс те Қазақстан қоржынына түсті.
Бұл тарихи жеңіс! Тарихи финал! Бұған дейін әлі ешкім Қазақстан қыздар құрамасынан бұлай финалда белдескен жоқ.
Португалия Гран-приіндегі “қазақ финалында” Абиба Абужақынова алтын алса, Ғалия Тынбаева күміс алды. #KazJudoTeam маусымды сәтті бастады!.. 48 кг салмағында Моңғолия, Корея, Италия, Франция, Жапонияның қыздары қос-қостан ойқастайтын. Енді міне Қазақ қыздары шығып жатыр. Ғалия мен Әбибаның жеңісі бұнымен тоқтап қалмайды. Әлі талай белесті еңсереді! Биыл біздің жыл болмақ! -деді журналист.

Бұрымдылардың биіктерді бағындырғанына қуанған оқырмандар:

"Қазақ халқының қос қарлығашы. Жеңістерің құтты болсын";

"Екеуі де жүректегі туымызға бірдей құрмет көрсетіп, қазақтың қыздары екенін дәлелдеді";

"Екі бірдей қазақтың кездескені дұрыс емес қой. Менде осындай мүмкіндік болса, жеңісті қарсыласыма бере салар едім" деп жазды оқырмандар.

Ақпар жазу барысында Ұлттық арна бейнедеректері пайдаланылды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер