Маңғыстауда 7 жыл бойы бала сүйе алмаған әйел бірден үшемді дүниеге әкелді

2719
Adyrna.kz Telegram

Маңғыстау облысында 7 жыл бойы бала сүйе алмаған әйел бірден үшемді дүниеге әкелді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Жас ана жеті жыл бойы бала көтере алмаған. Сөйтіп «Аңсаған сәби» мемлекеттік бағдарламасына жүгініпті. Енді, міне, бірден, Ясмина, Алина, Адина есімді үш қыздың анасы атанды. Дәрігерлер бөбектердің жағдайы бірқалыпты әрі тұрақты дейді. Жалпы егіздер мен үшемдер дүниеге келетін өңірлердің ішінде Маңғыстау облысы көш бастайды. Былтыр мұнайлы өлкеде екі үшем мен 177 егіз дүниеге келген.

«Нәрестелердің күні жетілмеген. Бірақ дәрігерлердің бақылауының арқасында балалардың да, анасының да жағдайы жақсы. Жақын арада үйіне шығару жоспарланып отыр. Осы қаңтар айында 600-ден аса бала дүниеге келді. Оның ішінде – 10 егіз»,—дейді Маңғыстау облыстық «Ана мен бала» перинаталды орталықтың директорының орынбасары Ақшолпан Асубайқызы.

Пікірлер