Филармония ұжымының ерекше бастамасы 

2636
Adyrna.kz Telegram

Алғаш рет Қазақстанда, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында 2023 жылдың 4 ақпанында дирижерлік өнердің жарқын таланттарына арналған маңызы зор мәдени жоба  – Халықаралық «Жаңа есімдер» жобасы бастау алмақ. 

Жобаның мақсаты – заманауи дирижерлік өнерді қолдау, дамыту, насихаттау, осы өнердегі жаңа есімдерді таныту, дарынды жастардың кәсіби шеберлігін шыңдау, сондай-ақ қазақстандықтардың назарын классикалық музыкаға аударып, отандық және шетелдік дирижерлермен халықаралық байланыстарды нығайту арқылы еліміздің музыка мәдениетін жетілдіру. 

«Жаңа есімдер» жобасы аясында 4 ақпан күні сағат 18:00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының Үлкен залында Т. Әбдірашев атындағы ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің қатысуымен концерт өтеді. 

Бағдарламада: 

П.И.Чайковский  –  «Итальяндық каприччио», «Ромео и Джульетта», Ф.Лист  –  «Прелюдтар», Б.Сметана  –  «Влтава», А.Джоржак  – «Карнавал» Увертюрасы, А.Жұбанов, Л.Хамиди  –  «Абай» операсынан би, Г. Малер  –  «Адажиетто».

Жобаға қатысушы дирижерлер: 

Барбара Поплавска, Ильяс Дүйсен, Нарын Қажығалиев, Қуаныш Исмаилов.

Пікірлер