Министр қысқы универсиада жеңімпаздарын әуежайда қарсы алды

755
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қысқы универсиада кезінде қазақтың туын көкте желбіреткен студент-cпортшыларды әуежайда қарсы алды. Оларды жеңісімен құттықтап, ел мерейін асқақтатқан азаматтарға алғыс жаудырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өткен Қысқы универсиада жеңімпаздары абырой арқалап, Отанына келді. Оларды министр Саясат Нұрбектің өзі әуежайда қарсы алды.

Дүбірлі додада ел намысын 78 спортшы қорғады.  Оның ішінде шаңғымен жарысудан - 14, шорт-тректен - 12, биатлоннан - 9, мәнерлеп сырғанау мен конькимен жүгіруден - 6, сноуборд, тау шаңғысы спорты, тұғырдан секіру мен қоссайыстан - 2, шайбалы хоккейден 23 қазақстандық студент жарыс жолына шықты.

Спорт сайысының қорытындысына келсек, Қазақ елінің спортшылары 11 жеңіп медаль алды. Олар үш алтын, төрт күміс, төрт қола медальді қанжығалады. Нәтижесінде медальдар кестесінде он бірінші орынға тұрақтап, жоғарғы жетістіктерді еңсерді.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket