“Тілі жаттың - тәрбиесі жат!": Қазыбек Иса қаңтар қатысушыларын "маргиналға" теңеген Егеубаеваға тіл қатты

7308
Adyrna.kz Telegram

“МЕН ҚАҢТАРДА КӨШЕГЕ ШЫҚҚАН ЖОҚПЫН, МАРГИНАЛ ЕМЕСПІН!”-деген Динара Егеубаеваның өзі бірақ “6 қаңтар” атауымен сайлауға түспек… “Хабар” арнасында дикторлықпен елге танымал болған Динара Егеубаеваның Қаңтар туралы сұхбаттарын көрдім, ұнады. Қаңтар қасіретіне қатысты жақсы еңбек етіп жүр. Бірақ мынау Қаңтар қасіретін тартқан қазақтар туралы орыс тілінде айтқан сөзі қаңтардың қарындай суық екен…

Әрине, сайлау мен сайлану әркімнің құқы, ешкімге қарсы емеспіз. Бірақ, Қаңтар қасіретін тартқан Қазақтардың тілін білмейтін, Ресей тілінде ғана сөйлейтіндер болашағын қай тілмен байланыстырады? Өйткені, бұл мәселе, халықтың Мемлекеттік тілді талап етуі күннен-күнге күшейіп келеді!

"Қаңтарда көшеге шыққандар маргиналдар. Мен маргинал емеспін, Алматыда өскен кореннаямын" депті Динара Егеубаева”-деп жазды журналист Оңғар Қабден де өзінің фейсбук парақшасында.

- Қанша жыл Дариға Назарбаеваның қасында жүріп-жүріп келіп, аяқасты қаңтардан бастап “оппозициямын” деп шыға келген Динараның да әуселесі белгілі болды.
Кешегі қаңтарда ақырып теңдік сұрап, көшеге шыққан қарапайым қазақтың жігіттері еді. Бұлар әлі де қазақтілділерге маргинал ретінде қарайды екен. Себебі белгілі. Неше жыл Мәскеуде тұрған Егеубаева ауылдың мәмбет қазағын былайша менсінбеуі заңдылық та-деп нақтылайды ол.

“Қазақтың тілін білмейтін адам оның құқын қорғайды дегенге сену өте қиын”-деп турасын айтады Оңғар бауырымыз.

Иә, Динара Егеубаеваның “6 қаңтар” блогы баспасөз мәслихатында “қазақша айтыңызшы” деген тілші сұрағына: “Мен орысша айтамын. Қазір сұрақты Думан түсіндіріп берсін”-дегенінде-ақ “сонда қазақша жауап бермек түгілі қазақша сұрақтың өзін түсінбей отыр ма?”-деп, тіксініп қалған едік…

Оңғар Қабден “Маргиналдар” деген сөздің мағынасын да түсіндіре кетеді:

- Егер “маргинал” деген не ол десеңіз, википедия былай дейді. “Маргинал - человек, находящийся на границе различных социальных групп, систем, культур и испытывающий влияние их противоречащих друг другу норм права, ценностей и так далее. Чаще всего маргиналами называют сильно опустившихся людей, находящихся на грани люмпенизации: алкоголики, наркоманы, БОМЖи, проститутки.”

Осы тақырып туралы екінші жазба қалдырған Оңғар Қабден Динара Егеубаева туралы посты көп талқыланғанын жазады. Бірақ мұхиттың арғы жағында жатқан Айжан Хамит сол посттың астына келіп, қазақтілділерді қалай балағаттағанын сол Айжан Хамиттің сөйлейтін тілінде келтіріпті. Ол қазақ қызы емін-еркін оттаған боғауыз сөздерді мен бірақ бұл жерге парақшама жаза алмадым…

“Тілі бөлектің - ділі бөлек!”, Тілі жаттың -тәрбиесі жат” деген осы шығар…

Қазыбек ИСА

Пікірлер