Қарағандыда жарылыс болды

2593
Adyrna.kz Telegram
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Қарағандыда газ баллоны жарылды. Салдарынан 4 пәтер зардап шекті, екі адам ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Оқиға 21 қаңтар күні сағат 18:51-де Қарағанды қаласындағы Щорс көшесі, 37-үйде болған.

«Екі қабатты тұрғын үйде газ баллоны жарылды (көлемі 5 л). Өрт болған жоқ. Жарылыс салдарынан №6 (2-ші қабатта) және ішінара №4, 5 (2-қабатта) және 3 (1-қабатта) пәтерлерде ағаш қабырғалар қирап, алдын ала болжам бойынша үйдің 36 шаршы метр алаңы бүлінді», - деп хабарлайды Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Жарылыс салдарынан 53 жастағы ер адам мен 54 жастағы әйел зардап шекті. Олар күйік жарақаттармен Қарағанды қаласындағы облыстық медицина орталығына жатқызылды.

Оқиға орнында облыстық ТЖД-нің 36 қызметкері және 8 техникасы жұмыс істеп жатыр.

Қала әкімдігі баспаналары бүлінген тұрғындарға жатақханадан орындар ұсынды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Пікірлер