"Мәжіліс депутаты боламын" деп сайлауға түскелі жатқан дінтанушы Тұрарбек Құсайын исламтанушы Алтынбек Ажокұлы "мешітке рухани азық іздеп келген талай қыз-келіншектерді алдап, пайдаланған". Бұл пікірді өзінің инстаграм парақшасында жазды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
"Елімізде асыл дініміз Исламға қарсы жүйелі түрде ақпараттық соғыс болып жатыр. Ардақты пайғамбарымызға тіл тигізіп, жала жабушылар өздерін тәңіршілміз деген ұйымдасқан топ екенін де бәріміз жақсы білеміз. Осы адасқан топтың басы-қасында жүрген Тұрарбек Құсайынды мен 2000-шы жылдардан бері жақсы танимын. Кезінде Атырауда медреседе бірге оқығанбыз,содан Тұрарбек кей жылдары Құспан молда және Иманғали мешітінде кезекші имам қызметін атқарды. Имам-молда болып жүргенде нәпсісін тия алмай, мешітке рухани азық іздеп келетін қыз-келіншектерді алдап аз ғана мерзімге неке қиып, пайдаланғанын да талай рет естідім. Естіген құлақта жазық жоқ дегендей бұндай зинақор адамның қаншама діни секта-ұйымдардың ішінде болып, ең соңында мұсылмандардың қара шаңырағы мүфтиятқа шүйлігуін сатқындық пен опасыздық деп есептеймін. Әлеуметтік желіде Тұрарбек Құсайын алдағы мәжіліс сайлауына өзін депутаттыққа үміткер ретінде тіркелетінін айтыпты. Мен өз басым бұндай арсыз-адасқан тәңіршінің билікке келуіне үзілді-кесілді қарсымын",- деп жазды Алтынбек Ажокұлы.
"Адырна" ұлттық порталы