Әбілқасымова: Көпбалалы аналар өмір бойына жәрдемақы алады

3165
Adyrna.kz Telegram
Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова көпбалалы аналарға мемлекеттік бюджеттен жәрдемақының қалай тағайындалатынын айтты. 

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

"Тарап кеткен ақпарат тек қана жәрдемақының бір түріне ғана қатысты болған. Ол алты және одан да көп бала туған, "Күміс алқа" мен "Алтын алқа" белгісіне ие болған көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы" , - деді министр.

 Әбілқасымова жәрдемақыға тағы да "Ана даңқы" орденін алып, "Батыр ана" атанған әйелдер де ие бола алатынын айтты.

"Бүгінде елімізде бұл құрмет белгісіне ие 237 мың ана бар. Бұл - ай сайын беріліп отыратын арнайы аналар жәрдемақысы.  Басты ерекшелігі - ол өмір бойына беріліп тұрады. Яғни, тіпті зейнеттік жасқа жетіп, не болмаса балалардың 18 жастан асып кетсе де ай сайын төлем жасалынып тұрады" , - деді Мадина Әбілқасымова.

Еңбек және әлеуметік қорғау министрінің мәлімдеуінше, 2018 жылы Қазақстанда 237 мың көпбалалы ана 42 млрд теңге көлеміндегі жәрдемақыны алды.

Р.S. Мемлекеттің беретін тиын-тебенін өз халқынан бұлдайтын министрлерге таң қаламын. Мектеп жасындағы бала түгілі, емшектегі балаға ай сайын қанша ақша кететінін министр ханым біле ма екен? Бюджеттен алған ақшадан 2-3 есе көп кетпесе аз кетпейді. Біздің министрлер мен депутаттардың көктен түскендей болатыны несі екен? Әлде, әдейі істей ме?

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер