ДИАС НҰРАҚЫН: Voronina Xeniya Хюндай көліктерінің неліктен қымбаттағанын түсіндіре аласыз ба?

4394
Adyrna.kz Telegram

Био-С, сұйықмай қымбаттады деп аузымды ашып жүргенде көлік бағасы аспандап кетіпті. Ескі көліктер екі бастан қымбат қой. Енді автосалондардағы баға өзгерген.

Мәселен, жаңа жылдың алдында ғана орташа жабдықталған (комфорт) Елантра салонда 10 590 000 теңге тұратын. Қазіргі бағасы 11 590 000 теңге.  Тап-таза бір лимон қосыпты үстіне. Кейбір модельдерге 1,2 млн теңге қосылған. Бағаның бұлайша құбылуына қандай фактор әсер еткенін Hyundai Kazakhstan , Hyundai Com Trans Kazakhstan, Astana Motors компаниясының өкілдері жауап беруі тиіс.

Былтыр мамыр айындағы қымбатшылыққа доллар бағасы өсті, логистика қиындады, геосаяси ахуал әсер етті деп сылтау айтқан. Ал, қазір бәрі тұрақты. Доллар керісінше күннен күнге арзандап барады. Бұрынғыға қарағанда тасымалдау жолдары, логистикалық бағыттар ашылды. Ал, Ресей мен Украина соғысы сол күйі әлі жалғасып жатыр. Өзгерген дәнеңе жоқ. Олай болса әр көлікке бір миллион теңге қосатындай не күн туды? Әлде сол баяғы ашкөздік пе?

Менің ойымша жақында 4 пайызбен автонесие беру бағдарламасының револьверлік жүйесі іске қосылады. Банктерге ақша түседі, халық жапатармағай салонға жүгіреді. Қымбат болса да көлік алып қалайын деген ниетпен ешкім бағасына қарамайды. Сондықтан диллерлер осыған дәмеленіп, бағаны көтеру арқылы бір асап қалудың қамына кіріскен сияқты.

Voronina Xeniya Хюндай көліктерінің неліктен қымбаттағанын түсіндіре аласыз ба?

Диас НҰРАҚЫН,

Фейсбук парақшасынан

Пікірлер