Биікке ұмтылған талантты жастар - ел болашағы

4300
Adyrna.kz Telegram

Қазақ халқының ұлт болып қалыптасу кезеңінен бастап өнерден кем де болмаған. Өнердің қай түрін  алсаңызда қазақ халқының бойынан табылып келеді.

Ең алғаш ағаш пен сүйектен оюлап тұрмыстық заттар жасау, бейнелеу өнері, кейінгі кезеңдерде шабытты поэзиямен, орынды шешендікпен, жалынды күйлер және шын жүректен шыққан әндермен өмір сүрген. Яғни, сазды әуенмен қазақтың бүкіл өмірі байланысты болған десекте болады. Бертін келе спорттың сан түрі, сахна өнерінің қыр-сырын меңгеріп, әлемдік додаларда бәйге бермей келе жатқан таланттар баршылық. Қазіргі жаһандану үдерісі шапшаң жүріп жатқан уақытта ұлттық тәрбие, ұлттық рухты жоғалтпау – үлкен міндет екені бәрімізге аян. Ұлттық болмыс пен өнерді байланыстырып, кәсібилікке жеткізе білу бұл талантты жандардың үлкен еңбектерінің арқасында екенін мойындап келеміз. Және де болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Соның ішінде жастар – кез келген қоғамның болашағы мен қозғаушы күші.

Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі – бәсекеге қабілетті жастар буыны, ал бұл тікелей жас қазақстандықтардың білім мен білік сапасына, олардың ұмтылысы мен ынтасына байланысты. Тәуелсіз Қазақстанның еркін өскен ұрпақтарының түрлі салада биік тұғырынан көрініп, көк туымызды желбіретіп жүргені өте қуантарлық жағдай. Елімізде білім, өнер, спорт және басқа да маңызды салалар бойынша шоқ жұлдыздар жарқырап келеді. Сондай-ақ, кино әлемінде де кәсібилікке жетіп, дүниежүзілік жүлделерге ие болып жүрген режиссерлерде баршылық. Солардың бірі Қазақтың маңдайына біткен шоқ жұлдызы, дарынды режиссер Шәкен Айманов атамыздың кәсібін таңдап, ізін жалғастырушы талантты қазақтың қаршадай қызы Диана Амангелдіқызы.

 

Қуаныш Диана Амангелдіқызы Алматы қаласында туып-өскен. Қаламыздағы терең ойлы, озық оқушыларды оқытатын «Зерде» гимназиясын 11 жыл оқып, АҚШ-тағы әлемге әйгілі New York Film Academy-ға оқуға түседі. Төрт жыл білім ордасында үздік оқып, кинорежиссер мамандығы бойынша дипломын сәтті қорғап шықты. Жас режиссер өзінің дипломдық жұмысына арналған «Тал түбіндегі кездесу» атты қысқа метражды фильмін туған елінде түсірген. Туындыда өз ата-анасының танысу хикаясын баяндай отырып, тоқсаныншы жылдардағы өмір сүру салтын, киіну стильдерін, адамдардың өмірге деген көзқарасын, болашаққа деген армандарын айқын бейнелей отырып, екі жастың мөлдір  махаббатын көрсете білді. Махаббаттың қаншалықты құдіретті сезім екенін және де бір көргеннен ғашық болу, екі жас бір-біріне сенім білдіру арқылы үлкен қарым-қатынас құра алатынын бейнелеген. Шынайы өмір желісімен түсірілген таспада Диана қыздың ес білгелі ата-анасының араларындағы тәтті сезімдеріне, шынайы сүйіспеншілігіне және бір-біріне деген зор құрметіне куә болып өскені байқалады. Бұндай отбасыдан туып-өскен балалар да өте мейірімді, айналасына қомқор, арманына қол жеткізе алатын тұлға болып өсетіні анық. Міне, оған дәлел Диана Аманқызы. Бала кезден арманы New York Film Academy тәлім алып, елінің дамуына оның ішінде кино әлеміне өз үлесін қосу екен.  Қазақта «Болатын баланың бетін қақпа, белін бу!» деп бекер айтпаса керек. Жас ұрпақтың арманына қанат бітіріп, сенімдеріне селкеу түсірмей, қолдап жіберсе болғаны, ала алмайтын қамалы болмас. Ұлтымыздың ертеңгі болашағы осындай таланттардың биікке ұмтылуынан басталатынын ұмытпайық.





Пікірлер