Балалар ауруханасының есепшісі 116 миллион теңгені букмекерге аударған

731
Фото: otinish.kz
Фото: otinish.kz

Талдықорғанда облыстық балалар ауруханасының есепшісі мемлекеттің 116 миллион теңгесін букмекерге салып жіберген. Бұл туралы Жетісу облыстық экономикалық тергеу департаментінің өкілдері ұсталған есепшінің бюджет қаражатын бір жылдан аса уақыт көлемінде құмар ойынға жұмсап келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Департаменттің хабарлауынша, ол ақшаны өзінің банктік картасына аударып, ары қарай букмекерлік жеке кабинетіндегі шотына салып отырған. Қазір күдікті кінәсін толықтай мойындаған.

Айта кетейік, осыдан үш ай бұрын Талдықорғандағы облыстық балалар ауруханасының медицина қызметкерлеріне бірнеше айдан бері зейнетақы, әлеуметтік және медициналық төлемдердің төленбей жатқаны хабарланған болатын. Қазір денсаулық сақтау басқармасының басшылығы медицина қызметкерлеріне толық төлем жасағанын жеткізді. Ал есепшінің ісі қазір сотта қаралуда.

"Жалпы аударған сомасы бір жылдан аса уақыт көлемінде 116 миллион теңге көлемінде. Іс бойынша оның жасаған әрекеті ауыр қылмысқа жатады. 7-12 жыл аралығында бас бостандығынан айыру жазасы көзделген", - деді Жетісу облыстық экономикалық тергеу департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Аслан Бидасов.

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket