Қаңтар жайлы шындықты айтып жүрген азаматтың көлігін өртеп кетті

2736
Adyrna.kz Telegram

“Қаңтар оқиғасы” туралы шындықты баяндап жүрген журналист Динара Егеубаеваның көлігі өртенді. Себептері анықталмады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Болған оқыс жағдайға қатысты журналист Гүлмира Абықай төмендегідей пікір білдірді.

- Алматыда әріптесіміз Динара Егеубаеваның аулада тұрған көлігін белгісіздер өртеп жіберді. Әйтеуір, дер мезетте жалын сөндіріліп, өрт  ауыздықталды. Егер, бензин жарылса жалғыз Динара емес қанша бейбіт тұрғынның өмірі мен мүлігіне зақым келер еді. Біреулер қаңтар оқиғасының ақиқатын ашқаны үшін жаза десе, тағы бірі: Парламенттік сайлау алдындағы үркіту; келесі топ: бұл кезекті спектакль деп жатыр. Қалай десек те, журналистке кәсіби қызметі үшін қастандық жасау дұрыс емес! Журналистің міндеті ақпарат тарату, беру, жеткізу, - деп жазды автор.

Оқырмандар бұған қатысты түрлі пікір жазып жатыр:

“Бұл - саяси қадам”, “Көлік ішінен жанған. Тоқтардан ұшқын шығуы мүмкін. Техникалық ақау”, “Бұлардың методы өзгермейді екен. Балташ Тұрсынбаев Қазақтың жерін жекеге сатуға тікелей қарсы болып, Халықтан қол жинап,Жерді сатқызбаймын деп билікке қарсы шыққанда, Балташтың да машинасы өртеніп еді”, “Заңгерлер ден құқықтық баға күтеміз: бұл террорма? Болса қандай түрі? Журналистерден ақпараттық қолдау мен қоғамға ашық жариялап Президенттен өртеген адамдарды тез арада тауып жазалауын күтеміз. Өйтпесек, біз Ресейдің жолына түсеміз. Демократиялық жол ешқашан болмайды” деп жазды олар.

“Адырна” ұлттық порталы

 

 

 

Пікірлер