“Түк бітірмейтін депутаттарды сайлаған өзіміз кінәліміз” - белсенді Жомарт Атабай

4438
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтік желіде қоғам белсендісі Жомарт Атабай “депутаттық пен мандатқа” қатысты жазба жариялады. Автор депутаттық сауалдың сұйылып бара жатқанына тоқталып, өзінің өткір пікірін жалпақ жұртқа жария етті, деп “Адырна” ұлттық порталы. 

Сан қилы депутаттық сауалды талдаған белсенді қоғамның шын жанашыр атқамінерлерге мұқтаж екендігін айтып, ақылға сыймайтын сауалдарды қойғандарды сынға алады.

- Парламент сайлауы жақындағасын біздің маубас-ұйқыбас, сопақбас депутаттарымыз оянып, сөйлей бастады, ағайын! Біреуі шықты Кенесарының басын қозғап. Екіншісі әйелдердің зейнет жасын қысқарту керек деп сайрап жатыр. Ертең үшіншісі шығатын шығар "қарбыз емес дарбыз" деп. Сол баяғы болмайтын қысыр әңгімелер. Түк бітірмейтін депутаттарды (Геннадий Шиповских пен Қазыбек Иса олардың қатарында жоқ) сайлаған өзіміз кінәліміз. Алдағы сайлауда дені дұрыс депутаттар сайлайықшы, - деп жазды автор.

Еске сала кетейік, жақында депутат Бақытбек Смағұл Ресейден Кенесары ханның басын алдырту мәселесін мінберде көтерген еді. Депутаттардың мұндай белсенділігін халықтың басым бөлігі жақында өтетін Парламент сайлауына қатысы бар деп санап отыр.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер