Алматы әкімдігіндегі құрылымдық өзгерістер – қоғам талабы. Б. Байбек

2262
Adyrna.kz Telegram

Алматы қалалық Мәселихатының кезектен тыс сессиясына қала әкімі Б. Байбек пен оның орынбасарлары қатысып, әкімдіктің жаңа құрылымдарын бекіту туралы мәселе қаралды.

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің айтуынша, өзгерістер «Алматы – 2020» стратегиялық бағдарламасы қабылданғалы бері (үш жыл бойы) дайындалған.

«Жаңа құрылымдардың қабылдануы қоғам талабынан туып отыр. Бірінші кезекте экологияның жақсаруы, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адамдарға ыңғайлы орта жасау, қаланың тарихи келбетін сақтау арқылы қаланың жаңа кеңістігін құру. Қоғам, социум, қала, урбанистика сөздері 9 басқарманың атауынан көрініс тауып отыр», – деді әкім.

Өз кезегінде қала әкімінің орынбасары Әсел Жүнісова: «Жаңа құрылым біздің алдымызда тұрған міндеттерді атқаруға, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, қоғам сұранысына сәйкес құрылады. 12 басқарманың атауы өзгереді, 5 басқарма таратылып, олардың функциясы басқа құрылымдарға беріледі», – деді. Оның айтуынша, бұл өзегіс басқармалардың басқарушы құрамын 12 пайыйзға қысқартуға мүмкіндік береді.

Алдымен біріктірілетін 9 басқармаға тоқталайық:
1. Ішкі саясат басқармасы, Жастар саясаты жөніндегі басқарма, Дін істері жөніндегі басқарма – Қоғамдық даму басқармасы;
2. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы мен Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы – Қала құрылысы бақылауы басқармасы;
3. Еңбек инспекциясы және Көші-қон және Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары – Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы;
4. Ауыл шаруашылығы басқармасы мен Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы – Кәсіпкерлік және инвестиция басқармасы болып біріктіріледі.

Жаңадан  құрылған төрт басқармадан бөлек 12 басқарманың атауы төмендегідей өзгереді:
1. Құрылыс басқармасы – Ыңғайлы қала ортасы басқармасы;
2. Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы –Жасыл экономика басқармасы;
3. Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы – Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы;
4. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы – Қалалық мобильділік басқармасы;
5. Қаржы басқармасы – Мемлекеттік активтер басқармасы;
6. Сәулет және қала құрылысы басқармасы – Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы;
7. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы – Бюджет стратегиясы басқармасы;
8. Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы – Тұрғын үй саясаты басқармасы;
9. Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы – Туризм басқармасы;
10. Денсаулық сақтау басқармасы – Қоғамдық денсаулық басқармасы;
11. Мәдениет және архив басқармасы – Мәдениет басқармасы;
12. Дене шынықтыру және спорт басқармасы – Спорт басқармасы деп аталатын болды.

Жасұлан НАУРЫЗӘЛІ,
"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер