Бүгін Ақтөбе облысының Ырғыз ауданынан 20 км жердегі «Самара-Шымкент» тас жолының 1153-шақырымында ауа райының қолайсыздығына байланысты жолаушылар автобусы жүрмей қалып, 41 адам құтқарылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрілігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Боранның кесірінен автобус жүрмеген соң Қазақстанның үш азаматы мен Өзбекстан Республикасының 38 азаматы Ырғыз ауылындағы орта мектепке орналастырылды. Қазір олардың жағдайы қалыпша.
Сондай-ақ бүгін Түркістан облысының Әйтеке би ауданында «Самара-Шымкент» тас жолының 968-шақырымында тағы бір жолаушылар автобусынан адамдар құтқарылды. Автобус Қарабұтақ кентінен 2 км жерде тұрып, ауа райының қолайсыздығынан әрі қарай жүрмей қалған. Автобуста Өзбекстан Республикасының 31 азаматы болған. Олар Қарабұтақ ауылының мешітіне орналастырылды.
Төтенше жағдайлар министрлігі мен облыстық департаменттер күні бүгінге дейін азаматтарға аязды күні боранда жолға шықпауды ескертіп келеді.