"Біздің қоғамда қылмыс жасағанның тасы өрге домалайды" - журналист Есенгүл Кәпқызы

3398
Adyrna.kz Telegram

Журналист, ғалым Есенгүл Кәпқызы қазақ қоғамындағы келеңсіз құбылыстарға қатысты пікір білдіріп, әлеуметтік желіде жазба жариялады. Автор өз жазбасында қазақ қоғамындағы моральдық ұстанымның жоқтығын айтып, "қылмыскер" адамдардың тасы өрге домалайтынын айтады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Журналист, бірқатар ғылыми еңбектердің авторы Есенгүл Кәпқызы қазақ қоғамындағы қалыптасқан жағдайды сынға алды.
- Біздің қоғамда қылмыс марапатталады...
Бізде қылмыс жасаған адамның тасы өрге домалайды. Қызметі өседі. Сөйтіп, қылмысты заңдастырамыз. Анау-мынау қылмысты жасай бер, тек танымал болсаң болды. Танымалдылығын сені құтқарады...
Осыдан бірнеше жыл бұрын Тұңғышбай Жаманқұлов ағамыз жемқорлықпен істі болғанда бәріміз ара тұрдық, "ол халықтың еркесі де, серкесі жесе не бопты?" дедік.
Сосын Ерлан Біләл өз қылмысын мойындаса да, оның атақтарына тиіспедік, құдай-ау, біраз уақыттан кейін Абайдың рөлін сомдап, бізге ақыл айтқысы келді.
Ал ҰБТ-да қызының жалған құжат пайдалануына жол берген Тұрсынбек Қабатов та марапатталыпты, елдің басты телеарналарының бірі "Хабардың" креативті продюсері болыпты.
Біздің қоғам сондай. Моральды жиып қойғанбыз, - деп жазды журналист.
Орайы келгенде айта кетейік, Тұрсынбек Қабатов – «Хабар» агенттігінің креативті продюсері болып тағайындалды. Бұл туралы «Хабар» Агенттігі АҚ Басқарма төрағасы Берік Уәли әлеуметтік парақшасында жазған еді.
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер