Атырауда төменгі сынып оқушылары қайтадан қашықтан оқиды

3493
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/01/6341be4c396ea619512997.jpg
"Қазгидромет" орталығының Атырау облысына қарасты филиалы мәлімдеме жасады. Облыстағы ауа райын болжау бөлімінің басшысы Аина Қазғұлованың айтуынша, арктикалық антициклон әсерінен өңірде алдағы 3 тәулік жауын-шашынсыз , бірақ саршұнақ аяз болады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 
"Атырау облысында  ауа температурасы күндіз -18, -23 °C, түнде -22, -27 °C көрсетсе, солтүстіктен -26, -30 °C аяз болады, - деді Анна Қазғұлова.
Облыстық білім беру басқармасының басшысы Гүлнәр Сәдуақасованың ауа температурасының төмендеуіне байланысты облыс мектептеріндегі төменгі сыныптар қашықтан оқитынын мәлімдеді.
"10-11 қаңтарда жалпы орта білім беру ұйымдарындағы мектеп алды даярлық тобының тәрбиеленушілері және бастауыш сынып оқушылары қашықтықтан оқиды. 5-11-сынып оқушылары қалыпты жағдайда білім алады", - деді Гүлнәр Сәдуақасова.
Комментарии