“Қаңтар төңкерісінің көсемі кім? Неге айтылмайды?”: Қазыбек Иса депутаттық сауал жолдады

3290
Adyrna.kz Telegram

Заңсыз байығандардан халық байлығын халыққа қайтару керек!  Қанды қаңтар төңкерісін ұйымдастырғандар жазалануы тиіс! Бұл туралы Қазыбек Иса депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Мұндай қасиетті қазақ тарихына қара таңба салған қанды қасірет қайта қайталанбауы үшін мемлекеттік төңкеріс жасаған кімдер? Басшысы кім? Оның орындаушылары кім? Түгел анықталып, жазаға тартылуы тиіс.

Жаңа баяндамаларды тыңдадық. Төңкерісте отты көсеушілер айтылды. Көсемі кім? Ақиқат толық айтылмаса, ел сенімі жоғалады, ал мемлекетті сақтау үшін ең бірінші билікке ең керегі елдің сенімі. Өйткені, содырлар жейтін соққыны момындар да жеп жатты. Ал жазықсыз жазаланбауы қажет еді. Қамаудағыларды азаптағандар қатаң жазалануы тиіс. Жаңа баяндамада 329 азаптау деп айтылып жатыр. Сонда азаптау акциясы басталған ба? Әлде ішкі істер саласындағы қалыпты жағдай ма?

Ең ауыры, қаза тапқандар ішінде ел қамы үшін ереуілге шыққандар да, тіпті, бейбіт тұрғындар да кетті. Жазықсыз қаза тапқандардың бәрінің аты-жөні Тәуелсіздікті қорғауда құрбан болған шейттер  ретінде аталуы тиіс. Біз әр өзгеріс, әрбір алға басқан қадамымыз үшін Қаңтар құрбандары алдында қарыздармыз!

Мемлекетке опасыздық жасап,  Ұлтқа қауіпті комитетке айналған Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшылары, қорғаныс, құқық қорғау басшылары анттарына адал болмағаны үшін қатаң жазаға тартылуы тиіс!

Біз мақтанып айтатын Ел байлығы қайда? Экс-президент өзі мойындағандай, “кез-келгенін қолынан сүйреп апарып, соттауға болатын” заңсыз байығандардан халық қазынасын халыққа қайтару керек!”, -деді Қазыбек Иса.

Пікірлер