“Мейірімді жоғалтпайықшы, бауырлар!”: Нұрлан Албан халыққа видео үндеу жолдады

3990
Adyrna.kz Telegram
Фото: YouTube/Maidan
Фото: YouTube/Maidan

Белгілі әнші Нұрлан Албан өзінің  Instagram парақшасына видео жүктеп, халықты мейірімділікке шақырды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Видеода әнші қоғам белсендісі Абзал Достияровты  полицейлер 4 жасар қызымен бірге ұстап, үйде қалдыруға мүмкіндік бермегенін көрсетіп, алаңдаушылық білдіргенін айтады.

“4 жасар қыз үшін жүрегім ауырды. Адамгершілікті сезіну үшін міндетті түрде саясаткер немесе мықты білікті заңгер болудың қажеті жоқ. Біз не болып кеттік. Біздің болашағымыз - біздің ұрпағымыз деп жүрміз ғой. Сол ұрпақ Қазақстан деген ұлы мемлекетте уайымсыз ойнап-өсіп, Отанына арқа сүйемей ме? Сонда ғана біз болашағымызға сенуге болатын шығар.

Бірақ 4 жасар қыз РОВД деген не екенін сезінді. Мансап қолдың кірі? Біз тіпті полицей болайық, басқа болайық адамгершілікті жоғалтпайықшы, бауырлар!  Мейірімді жоғалтпайықшы, бауырлар! Ұрпағымызға мейірімнің дәнін себейікші, өтінем!”, -деді Нұрлан Албан.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер