"Қазақстанда әділдік таба алмай, 3 баламмен балконнан секіріп кетуім керек пе?" - Президентке үндеу жолданды

6767
Adyrna.kz Telegram
Алматы қаласында болған жол-көлік апатының ішінде болған азамат Абсадыков Абдул-хадидің жұбайы Гүлзира Нұрқадірқызы әділеттілікті талап етіп, президентке үндеу жолдады.  Оның айтуынша, жолдасы сары түс жанған кезде автобуспен жолдан өткен. Алайда бұқаралық ақпарат құралдары Полиция департаментіне сілтеме жасай отырып, жолдасы автобуспен қызыл түс жанғанда жолдан өтті деген жалған хабар таратқан. Оған қоса, видеода адамды басып өткен әкімшіліктің автобусы екені көрініп тұрса да, №98 автобус жолаушыны басып өлтірді деп жазған. Бұған қатысты тергеу мен сот процесінің қызметі жан-жақты жүргізілмеген, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 
Өткен жылдың қараша айында Алматы қаласында автобустар соқтығысып, жол-көлік апаты болды. Қалалық полиция қызметі апат орнынан бейнебақылау жүйелеріне талдау жүргізілгенін хабарлады. Талдау деректері бойынша, 35 жастағы № 98 автобус жүргізушісі Абылай хан даңғылымен оңтүстік бағытта келе жатып, Төле би даңғылымен қиылыста бағдаршамның тыйым салу сигналына (қызыл) шығып кеткен. Ақырында Төле би даңғылымен шығыс бағытта келе жатқан № 201 автобуспен соқтығысқан. № 201 автобуста 59 жастағы жүргізуші болған.
Дегенмен Алматы қалалық полиция басқармасының мәлімдемесімен  № 98 автобусты тізгіндеген азаматтың жары Гүлзира Нұрқадірқызы жоққа шығарады. Жүргізушінің жұбайы бірқатар деректерді алға тартып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа видео-үндеу жолдады.
- Қайырлы кеш, Құрметті қазақстандықтар және Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мырза! Осы үндеуіме құлақ асуларыңызды сұраймын! Заң бәріне ортақ. Олай болса Жол қозғалысы ережесінің 13-бөлімі 8-тармағына сәйкес, бағдаршамның рұқсат беретін сигналы кезінде жол қиылысына кірген жүргізуші жол қиылысынан шығудағы бағдаршам сигналына қарамастан, белгілі бағытқа шығады.
Жол қозғалысы ережесінің 13-бөлімі 9-тармағына сәйкес, бағдаршамның рұқсат беретін сигналы іске қосылғанда жүргізуші жол қиылысы арқылы жүрісін аяқтайтын көлік құралына және осы бағыттағы жолдың жүру бөлігінде өтуді аяқтамаған жаяу жүргіншіге жол береді. Дәл осы заңды жоққа шығаруға кім құқық берді? Осы тармақтар бойынша жол қозғалы ережесінің осы талабын өрескел бұзған Абдуллаев Азатжан Садыкжанович күдікті болуы қажет емес пе? Неге менің жолдасымды қамауда ұстап отыр. Неге бағдаршамның ақаулығы, 201-ші автобустың жүргізушісінің кінәсі ескерілмейді? Неге менің жолдасымды қауіпті қылмыскердей барлық құқығын шектеп отыр? Неге тергеу және сот процестері бір мәселені бір жақты қарап отыр? Неге сараптамаға басты сұрақты енгізбей отыр? Себебі, жауап айдан анық. 201-ші автобус жүргізушісінің жол-көлік оқиғасын болдырмауға мүмкіндігі болды. Арада 35/40 метр жер бар. Ал Абдуллаев сол күні көшені сатып алғандай барып соға салды? Жасыл жанғанда адамның бәрін басып-жаншып өлтіре беруге болады деген заң қайдан шықты? Жүргізушілер жол қауіпсіздігіне көз жеткізбей көлік басқаратын болса елде адам қалмайтын шығар. Құрметті, қазақстандықтар сіз болып, біз болып, әділетсіздікпен бірге күресейікші - деді автор.

> MR DN:

 

Сонымен қатар, шағымданушы бұған дейін өзінің хаты мен сауалдарына басшылық тарапынан ешқандай да жауап болмағанын жеткізді. Қоғам мен атқарушы биліктен Әділетті Қазақстанды құрудың сауатты шешім талап етті.
- Әділдікті іздеп, мен де 3 баламды алып, балконнан секіріп кетуім керек пе? Мен де Әділетті Қазақстан құру үшін өзімді құрбан етуім керек пе? Айтыңыздаршы!? Маған тағы да басқа қандай жол қалды? - деді автор.
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер