Медицина саласындағы студенттердің шәкіртақысы жыл сайын 20%-ға дейін өседі

2633
Adyrna.kz Telegram

Елімізде медицина саласындағы студенттердің шәкіртақысы жыл сайын 20%-ға дейін өседі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаментінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«2025 жылға дейін шәкіртақыны жыл сайын 15% және 20%-ға ұлғайту жоспарлануда. Бұл жақсы оқуға қосымша серпін береді және біздің ЖОО-ларға мықты талапкерлерді қосымша тартады», - деді ҚР ДСМ ҒАРД директоры Дәулет Алдыңғұров.

Сонымен қатар 2023 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында республикалық бюджеттің есебінен резидентура гранттарының санын 2500-ге дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

Айта кетейік, соңғы жылдары Президент пен «Аманат» партиясының тапсырмасы бойынша шәкіртақы айтарлықтай өсті. Мысалы, бакалавриат үшін ол 2 есеге жуық, интерндерде 25%-ға, резиденттерде, магистранттарда, докторанттарда 2021 жылы 15%-ға ұлғайды.

Пікірлер