“Қайғылы Қаңтар” қайталанбау үшін түркі бірлігін сақтауымыз керек - Жанұзақ Әкім

3009
Adyrna.kz Telegram

Қайғылы Қаңтар” қайталанбау үшін түркі бірлігін сақтауымыз керек. Бізді, тәуелсіздікті сақтайтын түркі бірлігі. Бұл пікірді белгілі экономист, қоғам қайраткері Жанұзақ Әкім “Адырна” ұлттық порталына айтып берді. 

“Осыдан бір жыл бұрын бәрімізге белгілі “Қайғылы Қаңтар оқиғасы” болды. Бұл қазақ халқы үшін өте қайғылы 238 адамның өмірін қиған оқиға болды. Бұл әрине, аяқ астынан шықты. Жаңаөзенде мұнай мен газ құнының көтерілуінен басталды. Бірақ Алматыға, оңтүстік өңірге келгенде жаппай ұйымдасқан қылмыстық топтар кірісті. Бұл мәселені біз эмоциямен шеше алмаймыз. Оны түсіну керек. Бұл - бір. 

Екінші, қайғылы оқиға әлі тексеріліп болған жоқ. Осы жаңа жылдың алдында бас прокуратураның қызметкерлері Азаттыққа берген сұхбатында “прокуратура өзінше тексеріп жатыр, ішкі істер министрлігі өзінше, ұлттық қауіпсіздік комитеті өздерінше тексеріп жатыр” дейді. Біз барлығын тексеріп алмай, оның жауабын бере алмаймыз.

“Еліміз “Қаңтар қасіретінен кейін бірнеше сабақ алды. Адамдарымыздан айырылып, жүрегіміз қан жылады. Халықтың билікке деген ызасы байқалды. Мұның барлығын қайта болдырмауымыз керек? Ол үшін не істейміз?

 Бірінші, бізде ұлт бірлігі болуы керек. Ол алдымен, қазақтың бірігуі, сосын қазақ қазақстандықтарды біріктіру керек. Сонда ел бірігеді.  Екінші, билік ұлттық мемлекетті мойындап, соның мүддесіне жұмыс жасағанда ғана қоғам дамиды. Одан басқа қазақ бір жаққа, билік бір жаққа тартып, қоғам дамымайды.  Үшінші,  түркі бірлігі. Бізді, тәуелсіздікті сақтайтын түркі бірлігі”, - деді Жанұзақ Әкім.



Пікірлер