Өзбекстанда үнді препаратын қолданған 19 бала қайтыс болды

3884
Adyrna.kz Telegram

Өзбекстанда тұмауға қарсы үнді дәрмегіне жүгініп, Док-1 Maкс препаратын қолданған 19 бала қайтыс болды.  Тағы бір бала ЖРВИ-ға қарсы үнділік дәріден уланып, емханаға жеткізілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

- Жөтелге қарсы сироп ішкен бала жансақтау бөліміне жеткізілді, - деп хабарлайды Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігі Ферғана қаласының денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Уланған бала Кувасай қаласының тұрғыны, 2019 жылы туған.  Қазір оған қабылдау-диагностика бөлімінде анамнез жазылды, бала жансақтау бөліміне жатқызылды. Оның ағзасына улы сұйықтық 2022 жылдың 28 желтоқсанда түскен, бірақ егжей-тегжейі қазір ғана белгілі болды.

Нақтылай кетейік, 2022 жылдың 27 желтоқсанында Самарқандта 19 баланың өлімі расталды. Олардың барлығы аталған препаратты қабылдағаннан кейін қайтыс болды. Одан кейін 31 желтоқсанда тағы 10 бала үнділік препараттарды қабылдап, ауруханаға түскен.

Оқиғадан кейін елдің Денсаулық сақтау министрлігі уыттылыққа қатысты тексерулер мен зерттеулерді бастады. Док-1 Maкс партиясында этиленгликоль табылды, ол дұрыс қабылданбаған жағдайда денсаулыққа елеулі проблемалар туғызуы мүмкін. Анықталғандай, ата-аналар суық тиюге қарсы дәрі-дәрмекті өз бетінше немесе фармацевттердің ұсынысы бойынша сатып алып, балаларға нормадан айтарлықтай асып түсетін мөлшерде берген.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер