"Аралдың кебін кимесе екен": Каспий теңізі тартылып барады

1287
Adyrna.kz Telegram
Байлығы мен игілігін бес мемлекет қатар көріп отырған Каспий теңізі соңғы 15 жылда 2 метрге тартылған. Хазар теңізінің деңгейі түскеннің үстіне түсіп барады дейді мамандар. Оның үстіне, Каспий теңізінің флорасы мен фаунасы да зардап шегіп отыр. Бұған Президенттің өзі алаңдаушылық танытып, теңіздің проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу институтын құруды тапсырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл мәселеге қатысты маман пікір білдірді. Ольга Бачкова метеостанцияда 40 жылдан бері жұмыс істейді.  Оның айтуынша, осы кезге дейін су деңгейін өлшейтін бағана 4 рет төмен түсірілді. Себебі, теңіз тартылған сайын бағанадағы өлшем бірліктері жер үстінде қалып отыр, деп жазады qazaqstan.tv.

Теңіз деңгейі 80-ші жылдары жақсы көтерілген, дейді. Бірақ содан кейін тек тартылу үстінде.

- Біз тек ахуалды бақылап отырамыз. Әр өлшеген сайын төмендегенін байқаймыз. Бұл мәселеге ғалымдар кірісу керек. Тек Маңғыстаудағы емес, Каспийдің жағасындағы барлық метеостанциялардағы көп жылдық мәліметтерді салыстырып, нақты себебін анықтау қажет деп ойлаймын, - деді метеостанция қызметкері Ольга Бачкова.

Қазіргі уақытта Каспий теңізінің жағалауын қатар жайлаған мемлекет мамандары Тоқаевтың мұрындық болуымен «Каспий теңізін зерттеу институтын» құрғалы жатыр. Орталықты келесі жылы ашу жоспарланған.

"Жаһандық жылыну салдарынан теңіз суы қарқынды буланған. Оның үстіне, жауын-шашын мөлшері өте аз. Соңғы кездерде Каспийге құятын Еділ мен Жайық өзендеріндегі су деңгейі де мардымды емес. Теңіздегі су деңгейінің төмендеуіне әсер етіп жатқан факторлар осындай", - дейді мамандар. Қалған себептер ғылыми негізде алдағы уақытта сараланбақ.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket