"Үлкен мақтаныш": Тоқаев шахматшы Динара Сәдуақасованы құттықтады

2579
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы шахматтан әлем чемпионатында табысты өнер көрсеткен Динара Сәдуақасованы құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда өтіп жатқан шахматтан әлем чемпионатында рапид бойынша күміс медаль иеленген Динара Сәдуақасованы құттықтады.

Мемлекет басшысы Қазақстан шахматшыларының әлем чемпионатындағы жетістіктері еліміз үшін үлкен мақтаныш екенін атап өтті. Оның айтуынша, спортшыларымыздың халықаралық турнирлердегі әрбір жеңісі осы спорт түрімен айналысатын жастарды қанаттандырады және бұл Қазақстан шахмат мектебінің деңгейі жоғары екенін көрсетеді.

Президент дарынды шахматшыға талмай еңбек етіп, жеңістен жеңіске жете беруіне тілектестік білдірді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Алматыда өтіп жатқан осы әлемдік сайыста жоғары нәтиже көрсеткен Жансая Әбдімәлікке де ізгі тілегін жолдады.

"Адырна" ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер