Кейде мұғалім қауымға жаным ашып кетеді. Аузы жесе де -қан, жемесе де - қан болып жүргені.
Ұстаз деген жан - бүгінгі күні кім көрінгеннің қолжаулығы болып кеткенін мойындау керек.
✔️Әншілер концертіндегі залды толтыру үшін - әкімдер "билетті" мұғалімдерге арта салады. Өтірік деп көрші?
✔️ Газет-журналдарды тағы осы мұғалімдердің айлығынан ұстап қалады.
✔️Ауыл-аймақта жиналыс, кездесу өтсе - тағы мұғалім сүмірейіп сол залды толтырып отырады.
✔️Бай-бағланның ұл-қыздарына айқайлап көрсінші, 3 секундта жұмыстан қуылады
✔️Сенбілік жұмыстарда қолына сыпыртқысы мен күрегін ұстаған сол мұғалім.
✔️Мектепте қыздар жүкті болып қалса, ұстаздар көздерінен жастары сорғалап тергеушінің алдында жауап беріп жүреді.
Сонда деймін де, "Ұстаз" деген бұл елде сондай сорлы xалық болғаны ма?! Неге қит етсе болды мұғалімді кінәлауға дайынбыз? Неге?!
Білім министрі Сағадиев мырза, мен Сіздің орныңызда болсам қарамағымдағы мұғалімдерді тергемей, сол нәрсеге итермелеген, сабақтың үстінде қашып-пысып жүрген оқушылармен жұмыс жасар едім.
Біле білсеңіз, мұғалім де - ет пен сүйектен жасалған Адам. Ол да бір сәт бойын жазып демалғысы келеді. Кешегі болған дене шынықтыру пәні мұғаліміне жаным ашып кетті. Несі бар еді бұларды тәрбиелеп? Жақсылықты түсінбейтіндерге сөзіңді шығын етудің қажеті шамалы. Негізі бұл кісі мына балалардан әбден қорлық көрген екен. Сабаққа қатыспағаны үшін колледждің директорынан талай сөгіс алыпты. Сол күні мына екі студент емтиxанға қатыспай, әрең тапқан дейді. Ал физрук бұл екеуі үшін ұрыс естіп, студенттерін қорғаштаған. Міне, енді соңы немен аяқталғаны? Ұстазын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге лақтырып, резонанс жасалды. Нәтижесінде физрук жұмыстан қуылып, үстінен қылмыстық іс қозғалуда. Сөзім жоқ🤦♀️.
Ps: мына видеодағы Әкеге қатты ырза болдым. Мұғалімі мынадай сөзді естіп жылап та жіберген болар? "Сүйегі - менікі, еті - Сіздікі. Балам кінәлі ме? Аямаңыз!" дейді.
Ата-аналар!
Балаларыңызды қазірден бастап бәлеқор, арызқой етіп тәрбиелеміңіздерші, өтініш?! Отанын сататындар сондайлардан шығады.
Ал, мұғалімдер:
Мектепке, оқу орнына оқушыларыңыз кірді ме? Қолындағы смартфонын бір коробкаға салдыртыңыз!
Бала - білім алу үшін оқуға баратынын ескерейік!
Бибігүл Дәулетбекқызы
[video width="320" height="400" mp4="https://adyrna.kz/content/uploads/2019/01/50678096_2259875184274707_8363196727208968192_n.mp4"][/video]