"Шерменде көңілдің шерін айтқан ақын". Қазіргі шындықты бетке айтқан жырау қалың қазақты жылатты

4419
Adyrna.kz Telegram

Қазақ ақпараттық кеңістігінде киелі қобызға үн қосып, қазақтың қазіргі көрген мұң-мұқтажын, "Қаңтар" оқиғасының шындығын, алғашқы Президент Әлихан Бөкейхан екендігін ашық айтқан жырау Бөкен Жігер қалың көпшілікті селт еткізді. Ақының өткірдің жүзі, кестенің бізі, мірдің оғындай тартысты, арынды тіркестерін тыңдаған жұрт көзіне жас алды. Тіпті, айтыскер ақын Ринат Заитовтың көңілі босады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы хабарлады. 

Қызылжарлық ақын Бөкен Жігер "Хабар" арнасында өткен "Асыл домбыра" бағдарламасында көпшілікті елең еткізді. Мінберден батыл сөз айтып, шындықты сөйледі. Эфир барысында ескі сарынмен жаңа Қазақстанның жайына қатысты:

"Жап-жаңа Қазақстаным,

Жақсылығыңа жаршы едім.

Жауың келсе жалмаңдап,

Жан-тәніммен қарсы едім.

Ей,..

Өйткені мен кешегі атқан таңды үрейменен қарсы алған,

Тәуелсіздік деп жар салған.

Тұңғыш Елбасым Әлиханнан

Сорғалап түскен тамшы едім...

Ей,...

Кешегі өткен Қаңтарда,

Жазықсыз өлген жандардың,

Артында қалған оғланы,

Заманда заман болғанда

Қанаты қатып толғанда

Кегімді кімнен алам десе,

Қайтемін!?" - деп жыр өрді ақын.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер