Ракетасы дайын Илон Маск Марсқа адам тасымақ

3418
Adyrna.kz Telegram

Атақты американдық өнертапқыш Илон Маск бүгін күллі әлемге таңдай қақтырды. Марсқа адам тасимын деп жүрген Илонның арманы орындалар күн де алыс емес сияқты.  Техас ғарыш алаңында құрастырылған  SpaceX компаниясының жаңа аса ауыр зымыран тасымалдағышы Starship-тің суретіне жер шары куә болды. Өзінің Twitter-не  аталған зымыранның суреттерін жариялаған Маск, бұл ертегі емес, өздеріңіз көріп тұрған суреттегі ракета шынымен бар деген. "Арнайы сынақтан өткен зымыран тік көтеріліп ұшуға және қонуға арналған. Бұл тәжірибе үшін жасалғаны. Ал, орбитаға ұшатын зымыран бұдан  биік және қаптамасы да қалың болады", - деді ғалым өз жазбасында. Биіктігі 118 метр болатын зымыранның аты  Big Falcon Rocket.  Болашақта бұл компания Falcon 9, Falcon Heavy мен Dragon сияқты зымырандарды Starship-пен ауыстырмақ. Жаңа зымыран 100 тонна жүкті және жолаушыларды Марсқа тасымалдай алады. Ғаламдық эволюция деген осындай-ақ болар.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер