Өскеменде Назарбаев көшесінде жеке тұрғын үйде өрт болды. Бұл туралы ШҚО ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Түтін жалмаған үйден 4 адам құтқарылды.
Мәлімет бойынша, жергілікті жерде газ-түтіннен қорғау қызметінің екі буыны құрылды. Олар 35 жастағы әйелге және 48, 40 және 34 жастағы үш ер адамға көмектесті. Дәрігерлер зардап шеккендерді тексеріп, үйге жіберді.
Өрт алаңы – 90 шаршы метр.
"Өрттің себебі – темекі толық өшпей, абайсызда отты жандыру. Сөндірілмеген темекінің салдарынан веранда өртеніп, содан кейін өрт бірден үйдің шатырына тарады. Жалынды өшіруге жеке құрамның 19 адамы мен 5 техника жұмылдырылды", – делінген хабарламада.
Департаменттің баспасөз қызметі ашық отты қараусыз қалдырмауға кеңес береді.
"Үйде, соның ішінде төсекте жатып темекі шегуден аулақ болған жөн. Әсіресе масаң күйде болғанда, апат пен өрттерге әкелетін жағдайлардан қашық болу керек. Сөндірілмеген темекі тұқылынан матрац немесе диван жанып, ірі өртке әкеледі. Егер өрт анықталса, бұл туралы дереу 101 немесе 112 телефондары арқылы хабарлаңыз. Диспетчерге нақты мекенжайды айтып, пәтерден немесе үйден дереу кетіңіз", – делінген хабарламада.