Кремль қолжаулықтары Қазақ елінде америкалық биозертханалардың барын айтты

3080
Adyrna.kz Telegram

Сөзінің пәтуасы жоқ "Владимир Соловьевпен өткен кеш" бағдарламасының қонағы,  Кремльдің бұлбұлы Евгений Сатановский Қазақстанның аумағында "американдық биозертханалар" бар деп эфир барысында жалаң мәлімдеме жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

"Украинадағы әскери-биологиялық зертханаларды еске түсірейік. Олар жеткілікті. Онда олар да, ағылшындар да, немістер де жұмыс істеді. Біз үнемі естен шығарып алатын Қазақстандағы зертханалар ше?", - деді Е. Сатановский.

Сатановский өз сандырағына сеніп, миығынан бір күліп алды. Кейіннен өз өтірігіне өзі илана алмай, біраз далақтады.

"Бұл қалай болғаны? Қазақстан және Америка Бірақ Украинада да  олар бар. Екеуі Қазақ елінде. Сондықтан тікелей қақтығыс болатыны сөзсіз", - деді саясаттанушы.

Қазақ елінің ұлттық бірегейлігі артып, ұлттану үрдісі жетілген сайын сыртқы тараптан ақпараттық шабуылдардың артуы қалыпты жағдайға айналды. Дегенмен, Қазақ елі бірегейлігі, тәуелсіздік ұрпақтарының ақыл-парасаты, интеллектісінің арқасынада сыртқы тасырға тойтарыс беріп, ұлттық мақсат-мұратына қол жеткізіп келеді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер