Ашық, заманауи және халықаралық ынтымақтастыққа бағдарланған Қазақстан — Жак Теодор

3743
Adyrna.kz Telegram

Қазіргі Қазақстан саясатының әлемдік қатынастарға ықпалы бар. Оған дәлел - шетелдік саясаткерлердің, зерттеушілер мен журналистердің Қазақ елінің саясатына, ұстанымдары мен бағыт-бағдарына назар аударуы. Солардың бірі ғана емес бірегейі Жак Теодор АҚШ-тың New York Weekly басылымына «Ашық, заманауи және халықаралық ынтымақтастыққа бағдарланған Қазақстан» тақырыбында сараптамалық мақала жариялады. "Адырна" ұлттық порталы "Kznews.kz" сайтына сілтеме көрсете отырып, мақала аудармасын назарларыңызға ұсынады.

«Өзге батыстық демократиямен салыстырғанда, Қазақстанда өз қызығушылықтарын халық құндылықтарынан жоғары қоятын саясаткерлердің қалауымен сайлау жиі ұйымдастырылады. Соның ішінде Қазақстандағы соңғы сайлаудың маңызы зор болды. Көптеген посткеңестік елдер басқарудың демократиялық моделіне көшіп жатқанда, Қазақстан халқының өз дауысын естуге деген ұмтылысы бөлек. Қолайсыз ауа райына қарамастан, өткен айдағы президенттік сайлауға қатысқандардың саны 70%-ды құрады.

Демократиялық реформаларды жүргізу мандаты

Бастапқыда президенттік сайлау 2024 жылдың желтоқсанында өтеді деп жоспарланған болатын, бірақ мерзімінен бұрын ұйымдастырылды. Нәтижесінде қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жетті. Сайлау оған елді модернизациялау және басқару жүйелерін жетілдіру үшін бірқатар экономикалық және саяси реформаларды жүргізуге мүмкіндік берді. Бұл өзгерістердің ішіндегі ең маңыздысы — Президент Тоқаев өз еркімен президенттік өкілеттігін қысқартты, қайта сайлау құқығынсыз жеті жылдық бір реттік мерзім белгіленді, сондай-ақ президенттің жақын туыстарына  мемлекеттік сектордағы кез келген билік лауазымдарын атқаруға тыйым салды.

«Бұл мерзім ел басқаруға жеткілікті ме?» деген сұраққа Тоқаев «менің ойымша, жеті жыл жеткілікті болмақ. Кез келген адамның өміріндегі «жеті жыл» — аз уақыт емес. Ең бастысы, біздің елде билікке монополия болмайды» деп жауап берді.

Тоқаев Қазақстанның саяси, әлеуметтік, мәдени және экономикалық өмірінің бірде-бір аспектісін: мемлекеттік өкілеттіктерді орталықсыздандыру және бөлу, Парламент пен жергілікті билік органдарының рөлін күшейту, Қазақстан экономикасын жаңғырту мен әртараптандыру, азаматтық қоғам, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, елдегі адам құқықтары жағдайын жақсарту мүмкіндіктерін кеңейту сияқты кең ауқымды демократиялық реформалардың платформасы негізінде өз кандидатурасын ұсынды.

Президент 81 пайыздан астам дауысты иелене отырып, өзі ұсынған реформалар арқылы алдағы ұзақ жолы жетістікке толы және кедергісіз болмақ.

Экономиканы жаңғыртуға серпін

Президент Тоқаевтың халықаралық инвестицияларды тартуға және Қазақстан экономикасын жаңғыртуға арналған бастамаларын ескере отырып, халықаралық іскерлік қоғамдастықты қолдау ішкі саяси қолдаудан кем емес екеніне көз жеткіздік. Сайлауға бірнеше апта қалғанда YouGov жүргізген зерттеу бойынша, сауалнамаға қатысқан еуропалық және американдық бизнес көшбасшыларының үштен екісі Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған реформалар Қазақстандағы бизнес үшін және елді инвестиция үшін пайдалы екенін айтты. Кәсіпкерлердің 77%-ының пікірінше, реформалар аумағы жөнінен әлем бойынша 9-орынды иеленетін елдегі демократияға оң әсер етеді деп санайды. Егер халықаралық іскерлік сектордың бұл сенімі бизнес мүмкіндіктерін кеңейту мен экономикалық дамудың тұрақтылығынан көрініс тапса, бұл Президент Тоқаевқа оның реформаларынан артық ұзақ уақытқа мұра болып қалуы мүмкін».

Жак Теодор

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер