Алматылық өрт сөндіруші азаматтар егде тартқан 93 жасар әженің өміріне арашашы болды. Олар 1929 жылы туған әжені өртеніп жатқан үйден аман алып шығып, құтқарып қалды. Әрі жасы үлкеннің батасын алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Алматы қаласы, Түркісіб ауданы, Бакинская көшесіндегі жеке тұрғын үйден өрт шыққан. Өрт шыққаны туралы хабарлама 2022 жылғы 22 желтоқсаны, сағат 13:51-де өрт сөндіру қызметіне жеткен.
Алдымен үйдің шатыры өртенген. Кейін жалын күш алып, жанындағы қоражайға ауған.
Ең жақын бөлімшелер өрт орнына хабарлама түскен соң 4 минуттан кейін жетті. Адам бар-жоғын барлау кезінде 1929 жылы туған әжей құтқарылды. Өрт 14:15-те (келген сәттен бастап 20 минутта) ауыздықталып, 14:27-де (келген сәттен 32 минуттан соң) сөндірілді, - деді Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.Бейбіт күннің батырлары - Асылхан Тұран, Санжар Тайсариев, Нұржан Жанқұразов. 4-мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы, бас инженер Асылхан Тұран терезені шағып жатқанда, көмекке келген өрт сөндіру бөлімінің командирі Санжар Тайсариев пен өрт сөндіруші-құтқарушы Нұржан Жанқұразов есікті бұзып, үйге кіреді. Құлыптаулы бөлмеде өрттің болып жатқанынан бейхабар қарт кісіні көрген. Асылхан Тұран, Санжар Тайсариев пен Нұржан Жанқұразов әжейді сыртқа шығарып, жедел жәрдем қызметіне тапсырды.
"Адырна" ұлттық порталы
Қазақстан
Алматы
ардагер
Қазақтар
Өрт сөндірушілер
өрт сөндіру қызметі
қарт әже
өрт сөндіру қызметкері
#Түймегүл_Ергешқызы #18бала #бала_асырап_алу #жетімдер #түркістан
түркісіб ауданы
Қазақ жігіттері