Маңғыстауда аққулар құс тұмауынан қырылып жатыр

3219
Adyrna.kz Telegram

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласынан 20 шақырым жердегі Қаракөл айдынына қонған аққулар жаппай қырылып жатыр. Қазақ үшін киелі құсты зерттеу барысында олардан құс тұмауының белгілері анықталды. Өңірге шұғыл түрде вакцина жолданды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы хабарлады. 

Аққуларға сынамаларды "Ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталық" РМК жүргізді.

ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті республикалық қордан Маңғыстаудағы барлық үй  құстарын вакцинациялау үшін 18 644 доза вакцина бөлінгенін хабарлады. Сондай-ақ өңірде республикалық эпизоотияға қарсы отрядтың мамандары жұмыс атқарып жатыр.

"Жергілікті атқарушы органдар жоғары патогенді құс тұмауы бойынша тұрақты эпизоотиялық жағдайды сақтау мақсатында шаруашылық жүргізуші субъектілер, ветеринариялық дәрігерлер, аңшылар, қорықшылар, тұрғындар және басқа да мүдделі тұлғалардың  (құстары бар) арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді", - деді ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті.

Құс фабрикалары болса, жабайы және синантропты құстардың жем-су қоймалары мен құстарды ұстайтын ғимараттарға жақындауына жол бермеу үшін ветеринариялық іс-шараларды күшейтеді.

Сондай-ақ, мамандар қазір үй құстарының тұмауға шалдықпағанын, құс тұмауы бойынша эпизоотиялық жағдай тұрақты екенін мәлімдеді.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер