Қазақстанда ең үздік ауыл әкімі таңдалды

3912
Adyrna.kz Telegram

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен ауылдық округ әкімдері арасында «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсы өткізілді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Конкурстың мақсаты — үздік ауыл әкімдерін анықтау және насихаттау.

Байқауға қатысу үшін еліміздің түкпір-түкпірінен жүзге жуық ауылдық округінің әкімдері өтінім берді. Облыстардың арасында Қостанай облысынан 14 әкім, Солтүстік Қазақстан облысынан 12 әкім, Жамбыл облысынан 12 әкім конкурсқа өтінім беріп, белсенділік танытты.

Конкурс қорытындысы бойынша Түркістан облысы Шардара ауданы Жаушықұм ауылдық округінің әкімі Нұрсейтов Нұрбақыт Дәулетбекұлы «Үздік ауыл әкімі» атағын иеленді.

Екінші орынды Павлодар облысы Успен ауданы Новопокровск ауылдық округінің әкімі Вячеслав Николаевич Симоненко, үшінші орынды Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Айшуақ ауылдық округінің әкімі Оралбек Әбшанұлы Әбшанов ие болды.

Сондай-ақ Шығыс-Қазақстан облысы Ұлан ауданы Аблакет ауылдық округінің әкімі Агланбеков Арыслан Орынбасарович – «Үздік шаруашыл әкім», Қарағанды облысы Нұра ауданы Баршын ауылдық округінің әкімі Муханалиева Зауре Казанбаевна – «Ашық әкім», Солтүстік-Қазақстан облысы Аққайың ауданы Шағалалы ауылдық округінің әкімі Добромирова Гульмира Оразбаевна – «Үздік әлеуметтік жоба» номинацияларының иегерлері атанды.

Байқау жеңімпаздары мен номинация иегерлері Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының құрмет грамотасымен марапатталды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер