Home CREDIT Bank Алматының медициналық жедел жәрдем қызметкерлеріне арналған қысқы форманы тегін табыстады

2393
Adyrna.kz Telegram

Алматы жедел медициналық жәрдем қызметкерлері қысқы ауа райына арналған қызметтік формалардың 3000 жиынтығын алды.  Жедел жәрдем қызметінің директоры Ербол Сәрсенбаев қызметкерлердің жұмысында жаңбырда да, қарда да тұрақты іс-сапарлар болатынын, сондықтан қызметкерлердің жайлылығы сыртқы киімнің ыңғайлылығы мен жеңілдігіне байланысты екенін атап өтті. Сондай-ақ костюмдерде қызметкеркердің қауіпсіздігі үшін арнайы кешкі уақыттарда жарық бөлетін таспа тігілген.

«Өздеріңіз білетіндей, жедел жәрдем қызметкерлері киетін киім бірқатар талаптарға сай болуы керек. Бұл қарапайым жылы қысқы киім емес. Қызметкерлердің формасы кез келген жағдайға төзімді болуы керек, сондай-ақ химиялық және термиялық өңдеуге төтеп беріп, қызметкерлер еркін қозғала алатындай ыңғайлы болуы қажет. Эстетикалық көрініс те басты фактор болып табылады. Дәрігерлердің көрнекті болып көрінуі де аса маңызды, басқа салалардың арнайы қызметкерлерінен ерекшеленуі тиіс. Біз Home Credit Bank-ке көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтамыз. Форма барлық аталған параметрлерге толық сәйкес келеді және біздің қызметкерлерге ыңғайлы болады деп сенемін», — деп атап өтті Ербол Сәрсенбаев.

Бұл биылғы жылы демеушілік көмектің екінші бөлігі: көктемде Home CREDIT Bank қызметкерлеріне арналған 2 мың жазғы форма жиынтығының құнын төлеген еді.

«Біздің жаңа даму стратегиямызға сәйкес «Сіздерге көмектескенімізге өте қуаныштымыз!» дегім келеді. Біз Алматы жедел жәрдем қызметкерлеріне бірінші рет көмектесіп отырған жоқпыз, қажет болған кезде қол ұшын созуға дайынбыз. Дәрігерлер тәулік бойы және күн сайын қала тұрғындарына көмек көрсету үшін көп нәрсені құрбан етеді. Қысқы форма — бұл олардың еңбек жағдайларын ыңғайлы етуге көмектесетін ең кішкентай элемент. Егер кейбір қиын сәттерде дәрігерлер, фельдшерлер мен жүргізушілер жылы киінетін болса, қалай да кем дегенде бір өмір құтқарып қала алады. Біз өзіміздің қосқан үлесімізді сәтті болды деп есептейміз», — деп атап өтті «Home Credit Bank» АҚ Басқарма төрағасы Кирил Бачваров.

Құрамына Home Credit Bank Қазақстан кіретін «HOME CREDIT» халықаралық тобы өз қызметінде экологиялық, әлеуметтік және басқару қағидаттарын (ESG) дәйекті түрде сақтайды. HOME CREDIT тобының ESG тәжірибесіндегі негізгі бағыттар — қоршаған ортаға қамқорлық, қауымдастықтарға көмектесу, қызметкерлерге деген әділ қарым-қатынас, жауапты несиелеу және қаржылық қолжетімділікті қамтамасыз ету. Home CREDIT тобы 2021 жылы 50-ден астам қауымдастықтарға көмек көрсетіп, қайырымдылық бастамаларына 1,3 миллион доллар бөлді. Home CREDIT-тің топ-менеджерлері ESG принциптері бүкіл әлемдегі бизнеске жауапты іскерлік тәжірибені көрсетудің ыңғайлы құралын ұсынады деп санайды.

Пікірлер