Саясаттағы қитұрқы әрекеттердің арбауына түсіп қалмайық - Димаш Құдайберген

2636
Adyrna.kz Telegram

"Өзіміздің жеке басымызға тән ойымызды ұстанып, саясаттағы қитұрқы әрекеттердің арбауына түсіп қалмайық". Бұл пікірді белгілі әнші Димаш Құдайберген елордада өткен І Орталық Азия медиа форумында айтты, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

"Әрбір адам адамсүйгіш болуы керек. Бір-біріне деген махаббаты болуы керек. Адамның түйсігінде: "Ұлттың жаманы болмайды" деген ой қалыптасуы керек. Өкінішке қарай, егер де бір ұлттың өкілі оғаш қылық жасайтын болса, түбегейлі сол ұлтты жаман деп есептейтіндер де бар. Сол себептен ең алдымен ұлттың жаманы жоқ екенін түсінуіміз керек. Сонымен қатар әрқашан бір-біріне деген ерекше ынтызарлық, махаббатпен, адамсүйгіштікпен қарап жүруіміз керек. Егер осы ұстанымды ұстанатын болсақ, әлемде бейбітшілік те болады, тыныштық та болады. Ең бастысы саясатпен араласып жатқан азаматтардың қитұрқы әрекеттеріне алданбай, арбалмай, өзіміздің жеке басымызға тән ғана ойымызды ұстанып, сонымен ілгерілеп жүруіміз қажет деп ойлаймын. Мына саясаттағы қитұрқы әрекеттердің арбауына түсіп қалмайық", - деді Димаш Құдайберген. 

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер