Астанада әскери қызметтен қашқан Путиннің экс-қауіпсіздік қызметкері қамауға алынды

3733
Adyrna.kz Telegram
Фото: focus.ua
Фото: focus.ua

Астанада әскери қызметтен қашқаны үшін айыпталған Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФСО) бұрынғы қызметкері Михаил Жилин қамауға алынды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы КазТаг-қа сілтеме жасап.

 «2022 жылғы 12 желтоқсанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Есіл ауданы прокуратурасының ұсынысы бойынша Ресей азаматы М. Жилинге қатысты оны 40 тәулікке уақытша қамауға алу туралы шешім қабылдады», - деп хабарлады елордалық соттың баспасөз қызметі.

Бұған дейін «Неге» порталы Жилиннің Қазақстаннан босқын мәртебесін алғысы келетінін жазған болатын.

«Ол мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтті (РФ Қылмыстық кодексінің 322-бабы, екі жылға дейін бас бостандығынан айыру) және әскери жауапты қызмет орнын өз еркімен тастап кеткені үшін (РФ Қылмыстық кодексінің 338-бабы, 15 жылға дейін) деп айыпталуда. Қашқын ФСО-да 18 жыл қызмет етті.  Новосибирск қаласындағы ФСО арнайы байланыс және ақпарат орталығының инженері болған.  Ол үкіметтік байланыстарды қамтамасыз етумен айналысқан, бұл оның мемлекеттік құпияларға қатысы бар екенін білдіреді», -  делінген хабарламада.

ФСО мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың қажеттіліктері үшін байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты, құқықтық реттеуді, бақылауды және қадағалауды әзірлеу және іске асыру функцияларын, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қызметін ақпараттық технологиялар мен ақпараттық-талдауды қамтамасыз ету функцияларын орындайды.

Пікірлер