Ақтөбеде жол апатына ұшыраған оқушылардың жағдайы белгілі болды

2981
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбе облысында жаттықтырушылар мен оқушылар мінген автокөлік жол апатына ұшырап, бір бала көз жұмды. Бұл туралы Рolisia.kz хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

2022 жылғы 17 желтоқсанда Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық тасжолының 68 км. Темір ауданының 32 жастағы тұрғыны басқарған «Toyota Estima» автокөлігі аударылды.

Автокөлік ішінде 11 адам, оның ішінде 2010-2011 жылдары туған 9 бала болды. Олар Шұбарқұдық ауылынан Ақтөбе қаласына волейболдан жарысқа қатысу үшін шыққан. Апат салдарынан бір бала жол-көлік оқиғасы болған жерде көз жұмды, қалған 8 бала Ақтөбе қаласындағы Облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Қайғылы жағдайға байланысты облыс әкімдігі түсініктеме берді.

"Бүгін Ақтөбе облысында орын алған қайғылы жағдайды түсіндіргім келеді. Ең алдымен, қайтыс болған баланың ата-анасы мен жақындарына көңіл айтамын. Жол апатында тағы 8 бала зардап шекті. Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі. Қазіргі уақытта осы оқиға бойынша тергеу жүргізілуде. Іс - облыс әкімі Ералы Тоғжановтың қатаң бақылауында. Психологтар зардап шеккендер және олардың туыстарымен міндетті түрде жұмыс істейді. Оларға жан-жақты көмек көрсетіледі", - деп жазды Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары – облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ержан Байтанаев.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер