Ақтөбеде теріс діни ағымды ұстанушының үйінен қару-жарақ арсеналы табылды

2720
Adyrna.kz Telegram
15 желтоқсан күні сағат 20:00-де Ақтөбе облысы, Алға ауданында ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі, деструктивті діни ағымды ұстанушы азамат құрықталды. Тексеріс барысында оның үйінен қару-жарақ пен діни кітаптар табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Zakon.kz"-ке cілтеме келтіріп. 

Арнайы тексеріс жүргізген тергеушілер оның үйін тінтіп,  Макаров тапаншасы, 12-калибрлі Mossberg аңшы мылтығы, 38 дана 9-калибрлі патрон, 19 дана 12-калибрлі патрон, бір бәкі, 18 дана діни кітап тапты. Табылған айғақтардың бәрі тәркіленгенін мәлімдеді. Бұған қатысты:

"Факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі негізінде тіркелді", – делінген хабарламада.

Қазір Ақтөбе қаласының тұрғыны уақытша ұстау изоляторына тоғытылып, қамауда отыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер