"Өз жерімізге өзіміз атау бере алмай жүрген біз ғана". Өскеменде 23 көшенің аты ауысты

3386
Adyrna.kz Telegram
Тәуелсіздік қарсаңында Өскемен қаласындағы 23 көшенің атауы ауысты. Қаладағы идеологиялық жағынан ескірген көше атаулары Қазақ елінің тарихы, құндылықтары мен жер-cу атауларына негізделіп, қайта жаңартылды. Мұндай ресми ақпараттың соңы әдеттегідей дауға ұласты. Дегенмен, Өскемен қаласының белсенділері бұл игі істі табанды түрде жалғастыратындарына сендіріп отыр. Бұл жайлы "Адырна" ұлттық порталы хабарлайды. 
"Егемен Қазақстан" басылымының шығыстағы меншікті тілшісі Мерей Қайнарұлы қуанышты жаңалықпен бөлісті. Оның айтуынша Өскемен қаласындағы 23 көшенің атауы коммунистік бұлғаудан тазартылып, Қазақы тарихқа негіздестірілген. Жаңартылған көше атауларының арасында "Алашорда" Үкіметі мен қазақ жолында құрбан болысқан өзге ұлт өкілдерінің де есім-сойы бар.
Бүгін Өскемендегі идеологиялық жағынан ескірген көше атауларын ауыстыру және атаусыз көшелерге атау беру бойынша қоғамдық тыңдау өтті. Жалпы Өскеменде – 714 көше бар. Оның ішінде:
Орыс тілінде – 566 көше
Қазақ тілінде – 148 көше
Жеке тұлғалардың есімімен аталатын көшелер саны – 239.
Оның ішінде:
Орыс ұлтынан – 142
Қазақ ұлтынан – 64
Басқа ұлттардан – 33
Аманат, Өркен секілді бейтарап атауы бар көшелер саны – 315
Колхозная, Пионерская сынды идеологиялық тұрғыда ескірген көшелер саны – 81
Мағыналық мәні жоқ көшелер – 79. Бүгін мемлекеттің дамуына үлес қосқан айтулы тұлғалардың есімін беру үшін қоғамдық тыңдау өтіп, 23 көше атауы ауыстырылатын болды. Депутаттар қолдады.
Атап айтсақ; Калинин көшесі – Әбілхан Қастеев,
Кутузов көшесі – Латиф Хамиди
Куйбышев көшесі – Тимофей Седельников
Ш.Утепов – Оралхан Бөкей
Микоян көшесі – Александр Сызғанов
Энтузиастов көшесі – Бошай Кітапбаев
Стахановская көшесі – Жақсылық Үшкемпіров
Краснознаменная көшесі – Ирина Ерофеева
Красин көшесі – Борис Александров
Фрунзе көшесі – Эмануил Романенко
К.Липнехт көшесі – Борис Керімбаев
Бөкеев көшесі – Тұтқабай Әшімбаев
Степан Разин көшесі – Кирилл Ермолаев
М.Горький (Меновное) – Талаптан Ахметжанов
Базовая көшесі – Жібек жолы
Колхозная көшесі – Асқартау
Роза Люксембург – Арна
Совхозная көшесі – Өркен
Совхозный тұйық көшесі – Талас
Чапаев көшесі – Берел
Краснодонская көшесі – Арай
Краснофлотская көшесі – Мұзтау
Міне! Биыл 23 көше атауы ауыстырылды. Жоғарыда аталған тұлғалардың кім екенін өздеріңіз де білесіздер деп ойлаймын. Айта кетерлігі, бұл жұмыстар әлі де жалғасын табады, - деді өңір журналисі.
Соңында автордың фейсбуктегі жазбасына уәж айтылып, пікір ала-құлалығы туды.
"Тарихшы ғалым Ирина Ерофеева ұмытылмапты. Әбілқайыр хан, Шақшақ Жәнібек туралы толымды еңбек жазған кісі еді", "Ертөстік деген көшені көріп қуанып қалдым", "Грузинский, Севастопольская, Виноградов, Чапаев, Смирнов, Киев көшелері сияқты көшелер көп қой. Әлде қазақша атаулар жоқпа? Қайрат Рысқұлбеков сияқты атауларды неге бермейді", "Ол орыс пен бұл орыстың арасы жер мен көктей. Мәселен, Куйбышевтың орнын басатын, Тимофей Седельников Алаш қайраткерлерімен үзеңгілес қызмет етіп, орыстың империялық саясатына қарсы шыққан. Соңында репрессияға ұшырап алаштықтармен бірге атылып кеткен", "Әй, осыны айтшы, ресми тілде Усть-Каменогорск - Өскемен болып өзгерді ме, жоқ па? Бір ақпар таба алмадым. Ал орыс атауларына келетін болсақ, Пермитин көшесі деп жаза беремін. Неге egov арқылы шығатын анықтамаларда өзгеріссіз орысша жазылып тұра береді" деп жазды оқырмандар.
Пікірлер