Қарағандыда тұрғын үйден өрт шығып, 6 адам қаза тапты

3382
Adyrna.kz Telegram

Қарағанды облысында тұрғын үйден өрт шығып, 6 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«16 желтоқсан күні сағат 01:51-де Теміртау қаласының, Ақтау кентіндегегі 5 қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабар түсті. Алғашқы өрт сөндіру бөлімі оқиға орнына 02:25-те жетті. 1-қабаттағы 3 бөлмелі пәтерде 40 шаршы метр аумақта өрт шыққан. Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері келгенге дейін тұрғындар 5 адамның мәйітін (2007, 2010 ж.т. ұлдар, 1983, 1991 ж.т. әйелдер, 1991 ж.т. ерлер) кіреберістен көшеге алып шықты. Зардап шеккендер жоғарғы қабаттардағы пәтерлерден түтін басқан кіреберіс арқылы өз бетімен эвакуацияланбақ болған. Түтіннің көп мөлшердегі концентрациясы салдарынан тұрғындар далаға шығып үлгермеді. Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде барлау және жанып жатқан пәтердегі өртті сөндіру барысында 6-шы марқұмның (1977 ж.т. ер адам) денесі табылды»,—деп түсіндірді облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметі.

Өрт сөндірушілер түтін басқан пәтердің кіреберісінен 10 адамды, оның ішінде 4 баланы құтқарды. Өрт 03:10-да оқшауланып, 04:00-де сөндірілді. Тілсіз жауды жоюға Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 16 қызметкері мен 4 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Пікірлер