Қазақ баласы теннистен қытай, кәріс, жапон мықтыларын шаң қаптырды

4390
Adyrna.kz Telegram
Үстел теннисінен өткен әлем чемпионатында қазақ баласы тұтас әлем назарын өзіне аударды. Ол Тунисте өткен додада дара шауып, жұптық сында алтын, жекелей сында ел қоржынына қола медаль салды. Бұл жайды "Адырна" ұлттық порталы хабарлайды. 
Спорт жаңалықтарының жаршысына айналған журналист Руслан Меделбек қазақ баласы Алан Құрманғалиевтің жетістігін сүйіншілеп, көпшілікті қуанышқа бөледі. Ерекше оқиға жайлы:
- Үстел теннисінен Тунисте өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақ баласы Алан Құрманғалиев 15 жасқа дейінгі спортшылар арасында жұптық сында (египеттік Хана Гобамен) алтын, жекелей сында қола медаль жеңіп алды. Қытай, кәріс, жапондар мықты келетін спортта қазақ баласының медаль алуы - тарихи жеңіс. Алан деген есімді есте сақтаңыз, 2028 жылғы олимпиаданы шулатар деген үмітіміз бар, - деп жазды журналист.
Алан қазір он жеті жаста. Жас саңлақ жыл бойына тұрақты нәтиже көрсетіп, 19 халықаралық турнирдің медалін жеке қоржынына салып үлгерді. Жас батыр үстел теннисі бойынша Қазақ елінен шыққан тұңғыш әлем чемпионы. Аланның олимпиада чемпионы атанарына да қолдаушылары нақ сенімді.
"Бұл тарих! Біздің жас Алан Құрманғалиев әлем чемпионы атанды. Біздің үлкен үстел теннисі отбасымыз бұл нәтижеге өте қуанышты және оны спортшының қажырлы еңбегі мен өз ісіне деген сүйіспеншілігінің нәтижесі ретінде бағалайды!",- деді үстел теннисі Федерациясының президенті Данияр Әбілғазин.
Жеңісті күн, ажарлы сағат, жұлдызды сәттерде жолыққанша, Алан!
"Адырна" ұлттық порталы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер