Мәскеуде "ТМД мемлекеттерінің қазіргі әдебиеті" атты көлемді антология жарық көрді

3418
Adyrna.kz Telegram
Мәскеуде ТМД-ға мүше елдер жазушыларының егемендік жылдарында жазған шығармаларын арқау еткен ірі антология жарық көрді. Антологияға енген қазақ жазушыларының туындылары келешекте 11 тілге аударылып, жарты әлемнің оқырмандарына жол тартпақ. Бұл жайлы "Адырна" ұлттық порталы хабарлады. 
Игі бастама жайлы прозашы Нұржан Қуантайұлы хабарлады:
- Мәскеуден орыс тілінде "ТМД мемлекеттерінің қазіргі әдебиеті" сериясымен "Проза" жанры бойынша 1200 беттік антология жарық көріпті. Оған Балтық жағалауы елдерінен басқа 11 мемлекет жазушыларының көркем шығармалары (әңгіме, новелла) енгізіліпті. Антологияның "Заманауи қазақ әдебиеті. Проза" бөліміне біздің де "Балкон", "Бәтіңке", "Үрейлі үш күн" деген әңгімелеріміз қосылыпты. Тәуелсіздік жылдарының басындағы әдебиет таңдалып алыныпты. Таяуда поэзия мен балалар әдебиеті де дәл осындай кітап болып басылып шығады дейді. Содан кейін осы үш томдық антология он бір елде аударылып жарық көрмек. Бұл игілікті шаруаны ОГИ (Обьединенное гуманитарное издательство) мен Ресей Жазушылар одағы және он бір мемлекеттің Жазушылар одағы бірлесіп атқарып жатыр екен. Бар шығынды мәскеуліктер өздері көтеріп алған көрінеді. Қазақ әдебиеті тарапынан осы жобаға атсалысқан талантты ақын Ержан Алаштуған бауырыма алғыс айтамын. Жоба жалғасын таба берсін! - деп жазды қаламгер.
"Адырна" ұлттық порталы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Пікірлер